Арман қала, ақ тілек пен пәк сезімдер толғысқан,
Көп тіреген мұнарал қол бұлғайды алыста.
Саған келсем орман ойлар қиялынмен жарысқан,
Махаббатын жырын айтып,
Жұлдыз аққан күнін айтып,
Сағынысқан қос жүректер табысқан.
Ауылымның, бауырынаң алыс кетіп тұрасын,
Балдәуренім ән дәуреннің қызығына ұлассын.
Аңсатқанмен бұрқыраған туған жердін жуасы,
Алаулаған ақ таңдарым,жалаулаған тәтті арманым,
Арман қала жастығымның куәсі.
Жарқыраған алтын күннін шапағы мен нұрлана,
Әсем биік ғимараттар арқау болған жыр ғана.
Бүкіл әлем келбетіне көз салады ұрлана,
Жайна,жайна жаса мәңгі,
Шаттығына қосам әнді,
Келешегін жарқын болсын гүл қала. -