Қыз кезінде бәрі жақсы
Жаман әйел қайда екен?
Теңеулері бар мa eкен,
Бәрі күн мен ай мa eкен?
Әпкелер мен қарындастар
Жаратылған жан үшін
Барлығы да пәк мүсін
Күрескендер бақ үшін.
 
Қайырмасы:
Бәрі бәрі бәрі де
Сай келеді сәніне
Ұқсағысы келмейді
ешқайсысы кәріге
Бәрі бәрі бәрі де
Ылайықты әніне
шүкір еткен тәңірге
Ажар берген бәріне
 
Ана болу үшін ғана сұлуларды жаратқан
Шыға келсе жан жақтан елді аузына қаратқан
Өз елінен өзге елге тез үйренген сұлулар
Көрсең басың бұрылар көздерінде жылу бар
 
Қайырмасы:
Бәрі бәрі бәрі де
Сай келеді сәніне
Ұқсағысы келмейді ешқайсысы кәріге
Бәрі бәрі бәріде
Ылайықты әніне
Жеткізейін тәңірге
Ажарменен бәріне