Ей, менің жүрегімнің шақырылмаған қонағы,
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Кел, төрлет!
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Құтты қонақ үш-ақ күндік болады,
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Көңілімді көркемді ет, Көңілімді көркемді ет
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Сен дәме еткен қажеттінің бәрі бар,
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Дәм тат, кел!
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Сағынбаған, аңсамаған жалығар,
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Сағынып кел, аңсап кел!
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            [Қайырмасы]
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Ей, менің жүрегімнің шақырылмаған қонағы,
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Кел, төрлет!
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Құтты қонақ үш-ақ күндік болады,
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Көңілімді көркемді ет, Көңілімді көркемді ет
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Ей, менің жүрегімнің шақырылмаған қонағы,
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Кел, төрлет!
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Құтты қонақ үш-ақ күндік болады,
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Көңілімді көркемді ет, Көңілімді көркемді ет
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Жүрегімде жалғыз қонақ күтіп ем,
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Баяғыда мәңгілікке ол қап кетті.
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Өрісімен, ырысымен, құтымен
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Бір басымды бақты етті.
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Оның жөні бір бөлек қой, әрине,
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Жүрегім де соныкі.
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Сол қарайды қарағандай сәбиге,
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Түнімді де күзететін сол - Үкі
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            [Қайырмасы]
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Ей, менің жүрегімнің шақырылмаған қонағы,
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Кел, төрлет!
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Құтты қонақ үш-ақ күндік болады,
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Көңілімді көркемді ет, Көңілімді көркемді ет
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Ей, менің жүрегімнің шақырылмаған қонағы,
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Кел, төрлет!
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Құтты қонақ үш-ақ күндік болады,
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Көңілімді көркемді ет, Көңілімді көркемді ет
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Әй, менің жүрегімнің шақырылмаған қонағы,
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Кеп тұр солай жолың боп.
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Жолай соғып кеп тұруға болады,
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Ал, қонуға
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Ал, қонуға орын жоқ!
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Ал, қонуға орын жоқ!
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Эх менің жүрегімнің шақырылмаған қонағы
                                                                    
                                                                                                                                                 
                     8
            8
        