Талай, талай өзгерді бақыт
Қалай, қалай тез келді уақыт
Өтіп кетті кездер жылатып сол
Бәрін, бәрін сезінген едім
Жаным, жаным өзіңде менің
Уақыт, бақыт көзіңде дедім мен.
Неге, неге жаным жыладың
Сенің үнсіз жаныңды ұғамын
Қалай, білмедім шын әлі.
Неге, неге жаным жыладың
Неге, неге ауырды жаның
Айтшы, тағдырма кінәлі?
Сәттер, сәттер санада қалған
Ұмыт болып қалады-ау алдан
Мүмкін жанды жаралап алғанмен
Тұман, тұман ішінен ойдың
Сендік мұңды түсіне қойдым
Тағдырдың бұл ісі ғой деймін мен
Неге, неге жаным жыладың
Сенің үнсіз жаныңды ұғамын
Қалай, білмедім шын әлі.
Неге, неге жаным жыладың
Неге, неге ауырды жаның
Айтшы, тағдырма кінәлі?