Жігер Ауыпбаев
Текст

Қарлығаш құсым

Жігер Ауыпбаев

Оцените песню: Голос вверх 1 Голос вниз

100%
0%
Сезілмей аққан, сезімді оятқан,
Көз ілмей атқан таңдарым қаншама.
Үміт арманым, ұмыта алмадым,
Ертегі күндер елес боп қалсада.
Өзгелер тербеп, сөзбенен емдеп,
Жүректің ескі жарасын тамсада.
Көңілге қонбас, өзіңдей болмас,
Бағыма басқа бақыт құс қонсада.
 
Қайырмасы:
Қарлығаш құсым, қалықтап ұшып кезген қияны,
Тағдырда мынау табылды ма екен сенің теңің.
Кеудеме менің қонақтап өзің салған ұяны,
Күзетем бұзбай келер деп қайта сені, сені.
 
Ұйқымды ұрлап, сиқырлы жұмбақ,
Шат күлкің қалды жүректе жаңғырған.
Үміттенемін сүйіктім менің,
Күлімдеп бір күн шығардай алдымнан.
 
Қайырмасы:
Қарлығаш құсым, қалықтап ұшып кезген қияны,
Тағдырда мынау табылды ма екен сенің теңің.
Кеудеме менің қонақтап өзің салған ұяны,
Күзетем бұзбай келер деп қайта сені, сені.