Кеткенде алыстарға, біреуді ұнаттың ба?
Шығарып мұңды шыңға, сезімді жылаттың ба?
Мөлдіреп көздеріңнен аққалы жас тұрды ма?
Сезімдер толқын болып, өзді-өзін тасқа ұрды ма?
Сезімдер толқын болып өзді-өзін тасқа ұрды ма?
Қайырмасы:
Ей жаным, сағынамын, сағынамын неге?
Сенсіз, жалығамын, жабығамын неге?
Ей жаным, кешіремін, кешіремін неге?
Сезім, өрт боп жанса өшіремін неге? Ей, жаным!
Сүйкімдім, мүмкін менен кешірім сұрадың ба?
Сүйкімді күлкіңменен өзгеге ұнадың ба?
Өкініп жүр ме екенсің, өткен күн елес пе еді?
Сағынып жүр ме екенсің, көп болды-ау кездеспедік.
Сағынып жүр ме екенсің, көп болды-ау кездеспедік.
Қайырмасы:
Ей жаным, сағынамын, сағынамын неге?
Сенсіз, жалығамын, жабығамын неге?
Ей жаным, кешіремін, кешіремін неге?
Сезім, өрт боп жанса өшіремін неге? Ей, жаным!
Жаным, сене алмай сөзге мүлде,
Таба алмай бірақ кінә.
Мұңайған кездеріңде жүрегің жұбатты ма?
Жоқ әлде, іштей тынып сен мені сынадың ба?
Көрсетпей көз жасыңды әлде өксіп жыладың ба?
Жаным...
Қайырмасы:
Ей жаным, сағынамын, сағынамын неге?
Сенсіз, жалығамын, жабығамын неге?
Ей жаным, кешіремін, кешіремін неге?
Сезім, өрт боп жанса өшіремін неге? Ей, жаным!