Жанболат пен Жазира
Текст

Қазақ елім

Жанболат пен Жазира

Оцените песню: Голос вверх 10 Голос вниз

100%
0%
Сүйемін сені Отаным,
Отаным асқақ дарасың.
Жайылып жұртқа атағың
Өркендеп-өсіп барасың.
Шыңына ақ бұлт өрлеген,
Тауларың кербез, гүл далаң.
Махаббат сендік тербеген
Отаным, мен де бір балаң.
 
Қайырмасы:
Алты құрлық алдында,
Салтанатпен сән құрдың.
Абылайдың ордасын
Асқақ етіп салдырдың.
Ел бірлігін жырлаған,
Сүйінбаймын, Жамбылмын.
Таяқ тіксең тал болған,
Жерім сенен айналдым.
Дастарханы дариядай
Елім сенен айналдым.
Алтын құрсақ анасы
Елім сенен айналдым.
Қазақ елі кең пейіл,
Жүрегіңнен айналдым.
 
Орындалғандай дәл бүгін,
Бабаларымның арманы.
Төгіліп әсем ән-жырың
Үмітке үміт жалғады.
Атырау, Алтай арасы,
Нұрға толған даласы.
Ғасырға жаңа көш артқан.
Еліме міне, қарашы!
 
Қайырмасы:
Алты құрлық алдында,
Салтанатпен сән құрдың.
Абылайдың ордасын
Асқақ етіп салдырдың.
Ел бірлігін жырлаған,
Сүйінбаймын, Жамбылмын.
Таяқ тіксең тал болған,
Жерім сенен айналдым.
Дастарханы дариядай,
Елім сенен айналдым.
Алтын құрсақ анасы
Елім сенен айналдым.
Қазақ елі мен сенің
Қасиетіңнен айналдым. -