Жанболат пен Жазира
Текст

Айлы кеш

Жанболат пен Жазира

Оцените песню: Голос вверх 7 Голос вниз

100%
0%
Жанарын қыз жігітке төңкереді
Қос ғашық от лебімен өртенеді
Аяулы махаббатқа аялаған
Айлы кеш неткен бүгін көркем еді
Аяулы махаббатқа аялаған
Айлы кеш неткен бүгін көркем еді
 
Алтын ай дөңгеленіп қырды асады
Маужырап айналаны түн басады
Қос ғашық түнгі аспаннан жұлдыз санап
Аулақта таң атқанша сырласады
Қос ғашық түнгі аспаннан жұлдыз санап
Аулақта таң атқанша сырласады
 
Атқаны жазғы танның байқалмайды
Бөлініп екі ғашық қайта алмайды
Не деген қиын еді қош айтысу
Қимайды, қиналады, айта алмайды
Не деген қиын еді қош айтысу
Қимайды, қиналады, айта алмайды
 
Не деген қиын еді қош айтысу
Қимайды, қиналады, айта алмайды
Не деген қиын еді қош айтысу
Қимайды, қиналады, айта алмайды
Қимайды, қиналады, айта алмайды