Жанболат пен Жазира
Текст

Асыл жарым

Жанболат пен Жазира

Оцените песню: Голос вверх 10 Голос вниз

100%
0%
Сен менің сезімімнің мөлдірісің
Сенімен сенім жігер келді күшім
От болсаң ошағымда маздайтұғын
Жалын болып жаралғанмын сендік үшін
 
Асыл жарым ардағым
Сенімен нұр жан-жағым
Өміріме нәр берген
Асыл жарым
 
Сен менің таңдап алған тағдырымсың
Арайлы аппақ алтын таң нұрымсың
Өтейін аяулаумен ардақтаумен
Бақытым бақшамдағы жан гүлімсің
 
Асыл жарым ардағым
Сенімен нұр жан-жағым
Өміріме нәр берген
Асыл жарым
 
Сен менің көңілімнің көктемісің
Ақ сезім ақ жаңбырдай төккені үшін
Жанымның жазирасы, жасыл бағы
Жаз етіп жайқалтамын тек сен үшін
 
Сен менің жүрегімнің жылуысың
Еркесі ертегімнің сұлуысың
Бастауы бақытымның таралатын
Сен менің сезімімнің тұнығысың
 
Асыл жарым ардағым
Сенімен нұр жан-жағым
Өміріме нәр берген
Асыл жарым
 
Асыл жарым ардағым
Сенімен нұр жан-жағым
Өміріме нәр берген
Асыл жарым жан жарым