Жанболат пен Жазира
Текст

Анадан алғаш туғанда

Жанболат пен Жазира

Оцените песню: Голос вверх 137 Голос вниз 6

96%
4%
Анадан алғаш туғанда,
Жыладым неге дауыстап?
Кіндікті кесіп, қиғанда,
Анамнан кеттім алыстап.
Кіндікті кесіп, қиғанда,
Анамнан кеттім алыстап.
 
Жұлдыз бен айды алам деп,
Аптықтым неге жасымда?
Еркіндік жолын табам деп,
Ойлаған едім басында.
Еркіндік жолын табам деп,
Ойлаған едім басында.
 
Еңбекке шыда, ебін тап,
Сабырдың түбі — сары алтын.
Өзімшіл болма, ардақта,
Адамның бәрі өз халқың.
Өзімшіл болма, ардақта,
Адамның бәрі өз халқың.
 
Залым боп келді қырсаң да,
Қожаңыз себеп болмай ма?
Патша боп қанша тұрсаң да,
Бір күні дәурен солмай ма?..
Патша боп қанша тұрсаң да,
Бір күні дәурен солмай ма?..