Жазира Байырбекова
Текст

Арман-ау, арман

Жазира Байырбекова

Оцените песню: Голос вверх 185 Голос вниз 4

98%
2%
Ойласам мынау,
Өмірді жалған.
Көп екен шіркін,
Адамда арман.
 
Түлкіні көріп,
Көргенді жерден.
Қырандар аз ба!?
Қапыда қалған.
Осыған ұқсас,
Мендегі арман.
 
Арман-ау ару,
Қарамайсың ба?
Жаныңа мені,
Баламайсың ба?
 
Жүрегім жүдеу,
Аямайсың ба?
Кетесің әр күн,
Жаралайсың да!
Жасық деп әлде,
Бағалайсың ба?
 
Дариға-ай арман,
Балаймын жанға,
Тіл қатшы маған,
Қайдасың, қайда?
 
Іздеймін сені,
Қанатым талып,
Осында ма? - деп.
Қараймын айға,
Қараймын айға,
Арайлы таңға.
 
Ғашықтық арман,
Қорланың Естай.
Қойған ба бір күн,
Әніне қоспай.
 
Ләйлі мен Мәжнүн,
Сәлиқа, Сәпен,
Тігілмей жатып.
Құлаған қостай.
Арман-ау, арман,
Қойдың ғой қоспай.
 
Арман-ай, арман,
Арман-ай, арман.
 
Тіршілік жолы,
Арманға толы.
Сезімі жоқтар,
Білер ме мұны?
 
Жер екеш жер де,
Емес қой бірдей.
Бір жері қабыр,
Бір жері соғыс.
Арманға толы,
Тіршілік жолы.
 
Арман-ау, арман,
Арман-ау, арман.
Шөліркеп келем,
Шықсаңшы алдан.
 
Іздеймін сені,
Әр атқан таңнан.
Кештерде сансыз,
Жұлдыздар жанған.
Жұбатшы келіп,
Көңілді қалған.
 
Жер ұйық іздеп,
Асан да өтті.
Білінбей небір,
Асаулар кетті.
 
Ақ жауын тілеп,
Отырам әр күн.
Жүректе жанған,
Басар деп отты.
Басылмай өрті,
Шарпи ма көкті.
 
Дауылда буған,
Болатпен белін.
Армандап кетті,
Махамбет елін.
 
Көгерткен сені
Туған жер Анаң
Өзің деп соғар,
Жүрегім менің.
Жүзейін келші,
Арманның көлі.