Жазира Байрбекова
Текст

Балапаным

Жазира Байрбекова

Оцените песню: Голос вверх 28 Голос вниз 1

97%
3%
Айналайын шырағымсың
Мөлдіреген бұлағымсың
Құтты болсын қуанышың
Бүгін туған күнің!
Құтты болсын қуанышың
Бүгін туған күнің!
 
Ойнақтаған құлындайсың
Көздерімнің нұрындайсың
Құттықтаймын күнім бүгін
Сенің туған күнің
Құттықтаймын күнім бүгін
Сенің туған күнің!
 
Ай мен күнге балағаның
Бар үмітпен қарағаным
Бақытың ғой қалағаным
Балдай тәттім менің!
Бақытың ғой қалағаным
Балдай тәттім менің!
 
Анашыңның әлісің сен
Үйіміздің сәнісің сен
Өмірімнің мәнісің сен
Бүлдіршінім менің!
Өмірімнің мәнісің сен
Бүлдіршінім менің!

Другие песни от Жазира Байрбекова