Армансыз ақтарып сырларымды
Жалғансыз айтар ем шындарымды
Кездесіп тарқатсам мұңдарымды
Ойымнан шығаршы сындарымды
Үндесе жүрек мәңгілік
Тек сені таңдайды
Көргенде ғана сан күдік тарқайды
Көресің бе көздерімнен, сөздерімнен
Сезесің бе, сенесің бе
Келерсің бе кездесуге, кездесуге
Жүздесуге, тілдесуге
Өзің кеп өзгертші өмірімді
Бәрінен тазартшы көңілімді
Көргем келмес жаным сені мұңлы
Сен келіп ақташы сенімімді
Сөйлессем ғана сеніменен сырымды
Айта аламын
Кездессем ғана өзіңмен жай табам
Көресің бе көздерімнен, сөздерімнен
Сезесің бе, сенесің бе
Келерсің бе кездесуге, кездесуге
Жүздесуге, тілдесуге
Көресің бе көздерімнен, сөздерімнен
Сезесің бе, сенесің бе
Келерсің бе кездесуге, кездесуге
Жүздесуге, тілдесуге
Көресің бе көздерімнен, сөздерімнен
Сезесің бе, сенесің бе
Келерсің бе кездесуге, кездесуге
Жүздесуге, тілдесуге