Әр күнің-бақыт,әр түнің-жақұт,
Дүкенде ешбір сатылмас уақыт,
Қадірін білгейсің!
Әр сәтің-сынақ,әр сәтің-сұрақ,
Шаттық та, мұң да мәңгі емес бірақ,
Жарқырап жүргейсің!
Қайырмасы:
Мейірімді Алла-ешкімді жылатпа!
Мейірімді Алла-рухымды құлатпа!
Мейірімді Алла-сабыр бер сынақта!
Мейірімді Алла!
Бұл өмір-жарыс, бұл өмір-дәріс,
Өзгеден бұрын өзіңмен алыс,
Сен сонда сөнбейсің!
Мейлі сен құла, мейлі сен жыла,
Сабырмен бәрін Алладан сұра,
Адаса көрмейсің!
Қайырмасы:
Мейірімді Алла-ешкімді жылатпа!
Мейірімді Алла-рухымды құлатпа!
Мейірімді Алла-сабыр бер сынақта!
Мейірімді Алла!
Өр болсаң сынба,өзіңді шыңда,
Ақылдың сөзін жүрекпен тыңда,
Иманның жолында!
Өзіңмен келіс,өмірің тегіс,
Жеңілдім десең келмейді жеңіс,
Бақытың қолыңда!
Қайырмасы:
Мейірімді Алла-ешкімді жылатпа!
Мейірімді Алла-рухымды құлатпа!
Мейірімді Алла-сабыр бер сынақта!
Мейірімді Алла!