Жаз еді жадыраған
Нұр төккен таңым алдан
Кездестіргенде алғаш
Тағдырым сені маған
Бір сезім тасып бойда
Серік боп түнде айға
Қыдырған қол ұстасып
Сол күндер қайда, қайда
Қайырмасы:
Мен қайдан, қайдан, қайдан
Табамын өзіңді айнам
Сол кезді табамын қайдан?
Күлімдеп құшақ жайған (2 рет)
Сақтамаймын деп ойда
Таусылды амал-айла
Елесің еске жаным
Түседі-ау қайта, қайта
Қайырмасы:
Мен қайдан, қайдан, қайдан
Табамын өзіңді айнам
Сол кезді табамын қайдан?
Күлімдеп құшақ жайған (2 рет)
-