Сағыныш сезім саған жетелер
Қарақат көзің маған дем берер
Көрмесем бір сәт жаным
Жаным жаным өртенер
Сағыныш сезім саған жетелер
Қарақат көзің маған дем берер
Көрмесем бір сәт жанымды
Айырғаны сені
Елес боп мәңгі естең кетпейтін
Арманым өзің қуып жетпейтін
Сезімдер оты мәңгі өшпейтін
Өзіңе деген жаным
қайырмасы:
Жүрек қалауы жаным бір өзің
Арман алауы жағар сезім
Өзіңді күтіп айдында жалғыз
Алаңсыз менде таусылды төзім
Арманым аппақ қиялға ұштасқан
Сағым түндерім таңдарға ұласқан
Бола алмадық аққу жұптасқан
Бәрі өзгерді таңдарым ызғар
Тездедіп іздеп жүрегім сыздап
Саған деп жазған қаншама жырлар
Сағынға айналды неге
қайырмасы:
Жүрек қалауы жаным бір өзің
Арман алауы жағар сезім
Өзіңді күтіп айдында жалғыз
Алаңсыз менде таусылды төзім