Жангелді Бағдат
Текст

Астана

Жангелді Бағдат

Оцените песню: Голос вверх Голос вниз 1

0%
100%
Жастық шақтар жалындаған
Жас жұлдыздар жағылмаған
Кеп жатады саған, Астана
 
Асықтарды таныстырдың
Ғашықтарды табыстырдың
Мейірімді анам, Астана
 
Азат Астана, қазақ Астана
Жүрегімді елжіреткен ғажап Астана
Асыл Астана, жасыл Астана
Жан жүрегім саған мәңгі ғашық, Астана
 
Кейде суып мұз боласың
Кейде сұлу қыз боласың
Мінезің бар сенің, Астана
 
Жылытасың, жұбатасың
Құлпырасың, гүл атасың
Алғысым көп менің, Астана
 
Таңым - Астана, бағым - Астана
Талайларға арман болған
Сағым Астана
 
Өлкем - Астана, еркем - Астана
Көзім талмай қарай берем
Көркем Астана
 
Жастық шақтар жалындаған
Жас жұлдыздар жағылмаған
Кеп жатады саған, Астана
 
Асықтарды таныстырдың
Ғашықтарды табыстырдың
Мейірімді анам, Астана
 
Таңым - Астана, бағым - Астана
Талайларға арман болған
Сағым Астана
 
Өлкем - Астана, еркем - Астана
Көзім талмай қарай берем
Көркем Астана
 
Таңым - Астана, бағым - Астана
Талайларға арман болған
Сағым Астана