Ақ самайлы ақ көңіл қайран анашым
Жылдан жылға қартайып қайда барасың
Қарттығыңды байқатпай ұл қыздарыңа
Әз басыңа ақ шәлі байлап аласың
Анашым, бар асылымсың
Данасың, дара шыңымсың
Төрт бөлініп түн ұйқың
Маған бақыт тілейтін
Жанашырымсың
Анашым, бар асылымсың
Данасың, дара шыңымсың
Төрт бөлініп түн ұйқың
Маған бақыт тілейтін
Жанашырымсың
Есейсемде соңыңнан неге қалмаймын
Шалғай кетсең өзіңе өлең арнаймын
Ер жеткенше мені ойлап алаңдап едің
Ер жеткен соң сені ойлап мен алаңдаймын
Анашым, бар асылымсың
Данасың, дара шыңымсың
Төрт бөлініп түн ұйқың
Маған бақыт тілейтін
Жанашырымсың
Құбылаға жүзімді қаратамын да
Саған саулық тілеймін ала таңымда
Табаныңа жұмақтың кілтін жасырдың
Не бар екен аялы алақаныңда
Анашым, бар асылымсың
Данасың, дара шыңымсың
Төрт бөлініп түн ұйқың
Маған бақыт тілейтін
Жанашырымсың
Анашым, бар асылымсың
Данасың, дара шыңымсың
Төрт бөлініп түн ұйқың
Маған бақыт тілейтін
Жанашырымсың