Ай туған түні ұсынған,
Гүліммен сүйдім мен сені.
Айтуға саған қысылған,
Мұңыммен сүйдім мен сені.
Қайырмасы:
Мұңымсың, ерке мұңымсың,
Мұңымды кімдер ұғынысын?
Алғашқы және ең соңғы,
Жүректе қалған бірісің.
Ағылды тегіс сезімдей
Жаңбырмен сүйдім мен сені.
Өзімдей және өзіңдей
Тағдырмен сүйдім мен сені.
Қайырмасы:
Мұңымсың, ерке мұңымсың,
Мұңымды кімдер ұғынысын?
Алғашқы және ең соңғы,
Жүректе қалған бірісің.