Жаңабай Өтегенов
Текст

Шалқар

Жаңабай Өтегенов

Оцените песню: Голос вверх 10 Голос вниз

100%
0%
Үмітпенен қарайтұғын әр таңға
Дархандығы әу бастан ақ бар қанда
Бұрын соңды көрмесеңіз көріп қайт
Ей бауырым қонаққа кел Шалқарға
Қонаққа кел көп қызыққа батасың
Көл жағалай балық аулап жатасың
Жанға дауа дертке шипа емі бар
Минералды суынан дәм татасың
 
Шалқар, шалқар көлі мөлдіреп
Шалқар, анамыздай елжіреп
Шалқар сұлу арлы қыздары ай
Шалқар жігіттері ер жүрек
 
Шалқар, шалқар көлі мөлдіреп
Шалқар, анамыздай елжіреп
Шалқар сұлу арлы қыздары ай
Шалқар жігіттері ер жүрек
 
Біздің Шалқар ақындардың мекені
Тілден тамған шәрбаты мен шекері
Әр перзенті қара сөздің шешені
Дауға түссе дес бермеген көсемі
Біздің Шалқар батырлардың мекені
Туылмаған ту көтермес бекері
Даңқы шыққан жер болса егер жаһанда
Белгілі ғой оның Шалқар екені
 
Шалқар, шалқар көлі мөлдіреп
Шалқар, анамыздай елжіреп
Шалқар сұлу арлы қыздары ай
Шалқар жігіттері ер жүрек
 
Шалқар, шалқар көлі мөлдіреп
Шалқар, анамыздай елжіреп
Шалқар сұлу арлы қыздары ай
Шалқар жігіттері ер жүрек
 
Біздің елде күйші шайыр әнші бар
Домбыра алса шабытыңды қамшылар
Ұлы дала ұлыларының қасиеті
Шалқарымның ұл қызына тән шығар
Шалқар десе жүрегімнен ән шығар
Сағынышым жас боп көзден тамшылар
Жерұйығым өзіңсің сен шалқарым
Өзгелердің жерұйығы бар шығар
 
Шалқар, шалқар көлі мөлдіреп
Шалқар, анамыздай елжіреп
Шалқар сұлу арлы қыздары ай
Шалқар жігіттері ер жүрек
 
Шалқар, шалқар көлі мөлдіреп
Шалқар, анамыздай елжіреп
Шалқар сұлу арлы қыздары ай
Шалқар жігіттері ер жүрек