Жаңабай Өтегенов
Текст

Қазақстан барысы

Жаңабай Өтегенов

Оцените песню: Голос вверх 12 Голос вниз 3

80%
20%
Жүрегі талай топ көрген
Білегі күшпен серттелген
Шыққанда қасқыр шекпенмен
Жігері жанға от берген
Белдескен жанды бес бұрап
Боз кілемге әкеп бөктерген
Сендердей батыр шығар тек
Тәуелсіз біздің текті елден
 
Жігітке сай боп әр ісі
Жарасқан айла әдісі
Жауырыны жерге тимеген
Ардақты алаш арысы
Бойында қаны қайнаған
Қазақтың сендер барысы
Қазақтың сендер барысы
 
Жұртың көп жеңіс аңсаған
Жерің жоқ ешбір шаршаған
Балуан шолақтай бақ тілеп
Қажымұқандай қарсы алам
Шаттық пен шабыт береді
Сендер шыққанда шаршы алаң
Байрағы биік батырлар
Тілекші болсын барша адам
 
Жігітке сай боп әр ісі
Жарасқан айла әдісі
Жауырыны жерге тимеген
Ардақты алаш арысы
Бойында қаны қайнаған
Қазақтың сендер барысы
Қазақтың сендер барысы
 
Жігітке сай боп әр ісі
Жарасқан айла әдісі
Жауырыны жерге тимеген
Ардақты алаш арысы
Бойында қаны қайнаған
Қазақтың сендер барысы
 
Жігітке сай боп әр ісі
Жарасқан айла әдісі
Жауырыны жерге тимеген
Ардақты алаш арысы
Бойында қаны қайнаған
Қазақтың сендер барысы
Қазақтың сендер барысы