Отқа ауадай, жерге теңіздей
Кеудеге жандай, оңға терiстей
Сен маған керексің
Батырға аңыздай, мяулауға күздей
Өмір сүру аздай, ал қиялдауға үзбей
Сен маған керексің
Күлкіңе тығылған мұң - жүректі алдамайд, ол барад ысып
Біртіндеп ұғып алдым араға түскенін қара мысық
Ырымда емес мәселе, бірақ не боп кетті мен дым түсінбедім
Сен қойып кеттің күрсінбей, ал мен жаға алмадым сен бір сөнгенде,
Эй, көңіл не демейд, ел мақтаған махаббат болмад ертегідей
Шешілмейтін жоқ түйін дейд, бірақ сезім твистер ойнайд
Жүрекке оқ тигендей - ол сен емес деп ойлайм
Отқа ауадай, жерге теңіздей
Кеудеге жандай, оңға терiстей
Сен маған керексің
Батырға аңыздай, мяулауға күздей
Өмір сүру аздай, ал қиялдауға үзбей
Сен маған керексің x2
Армандайық биік, жерден тым бөлек - секілді көбелек.
Еңбектеуге туылсақ та ұшқымыз келед - секілді көбелек
Еңбектеуге туылсақ та, ұшқымыз келед x2
Отқа ауадай, жерге теңіздей
Кеудеге жандай, оңға терiстей
Сен маған керексің Батырға аңыздай,
мяулауға күздей Өмір сүру аздай, ал қиялдауға үзбей
Сен маған керексің