Заман тобы
Текст

Құштармын

Заман тобы

Оцените песню: Голос вверх 7 Голос вниз

100%
0%
Күлімдесе көкжиектен шыққан күн
Қабағымды жадыратар қысқа мұң
Піспегіне қарай бергім келеді
Жылы жақтан келе жатқан құстардың
Шағалдай шаттық жырын сыйлаған
Бірін-бірі мұңайтуға қимаған
Достарымды аялағым келеді
Жарық күннен тек жақсылық жинаған
 
Қайырмасы:
Әуеніне әуен қосып құстардың
Қанат байлап менде биік ұшқанмын
Жанарынан жан сәулесі төгілген
Жүзі нұрлы адамдарға құштармын
Жүзі нұрлы адамдарға құштармын
 
Талаптанып үміттеніп бақ қудым
Қайырмасын айта берем гәккудің
Жер бетіне махаббатын тілеймін
Адалдықтан айнымайтын аққудың
 
Қайырмасы:
Әуеніне әуен қосып құстардың
Қанат байлап менде биік ұшқанмын
Жанарынан жан сәулесі төгілген
Жүзі нұрлы адамдарға құштармын
Жүзі нұрлы адамдарға құштармын