Бұл неткен шерлі жер еді
Ел мұнда неге келеді
Жеткізген әке-анасын
Қалайшы қиып береді
Ұлы мен қызын өсірген
Күндерден күнге көшірген
Қарттардың қайран көз жасы
Кететін емес есімнен
Кететін емес есімнен
Бір сәуле шашып таң атқан
Үміті күндер санатқан
Жалғызын күтіп қарт отыр
Жанарын алмай сағаттан
Ұлы мен қызын өсірген
Күндерден күнге көшірген
Қарттардың қайран көз жасы
Кететін емес есімнен
Кететін емес есімнен
Әкең мен сенің жан анаң
Бақытын күтер баладан
Көздері барда аяла
Шығармай мұны-ай санадан
Ұлы мен қызын өсірген
Күндерден күнге көшірген
Қарттардың қайран көз жасы
Кететін емес есімнен
Кететін емес есімнен
Ұлы мен қызын өсірген
Күндерден күнге көшірген
Қарттардың қайран көз жасы
Кететін емес есімнен
Кететін емес есімнен