Заман тобы
Текст

Арман құс

Заман тобы

Оцените песню: Голос вверх 4 Голос вниз

100%
0%
Жүрегімізден өрбіген екі арман ән,
Екі өзенбіз, құралған екі арнадан.
Сен ай ма едің, көк жүзін қалықтаған,
Ғашықтықтан мен күн боп жете алмағам.
 
 
[Қайырмасы]
Сезімді, қалқам, аңғаршы,
Қолыма мәңгі қонсаңшы.
Арман құс, арман құс,
Болдың ба сен алдамшы.
 
Өзгелердің мұң-сырын ұғынбастан,
Сен ай мен күн, біледі-ай сырыңды аспан.
Саған деген мендегі махаббатым,
Жұлдыздардай түзіліп жымыңдасқан.
 
 
[Қайырмасы]
Сезімді, қалқам, аңғаршы,
Қолыма мәңгі қонсаңшы.
Арман құс, арман құс,
Болдың ба сен алдамшы.
Арман құс, арман құс,
Болдың ба сен алдамшы.
 
 
[Қайырмасы]
Сезімді, қалқам, аңғаршы,
Қолыма мәңгі қонсаңшы.
Арман құс, арман құс,
Болдың ба сен алдамшы.
Арман құс, арман құс,
Болдың ба сен алдамшы. -