Z тобы
Текст

Ұстазым (cover)

Z тобы

Оцените песню: Голос вверх 8 Голос вниз 1

89%
11%
Тыңдаған көңілдегі толғамымды,
Шыңдаған тәрбие мен талғамымды.
Өмірдің маған сыйы деп білемін
Өзіңдей жанға шәкірт болғанымды.
 
Талпынған балапан ем ұядағы
Қырандай жетілдірдің қиядағы.
Ұстазға деген ыстық сағынышым,
Бір әнге қалай ғана сыя алады.
 
Ұстазым менің, қамқорым едің
Баулыған асыл өнерге
Жүрегің дархан, өзіңнің арқаң
Биікке шықсам егерде.
 
Өмірдің мен білмейтін қатпарларын
Жаныма сіңіргенше тоқталмадың.
Алдымнан шықты бүгін қолын бұлғап,
Қанша жыл қиялдаған тәтті арманым.
 
Ұстазым менің, қамқорым едің
Баулыған асыл өнерге
Жүрегің дархан, өзіңнің арқаң
Биікке шықсам егерде.

Другие песни от Z тобы