Ей, домбыра
Бабамнан қалған үні еді
Тәңірге аян тілегі
Аңыра, ағыл, домбыра
Қазақтың жаны, жүрегі
Төгілткен жанның жаңбырын
Егілткен бойда жан мұңын
Қазақтың ары, намысы
Домбырам менің тағдырым
Ақ дұға дарып халқынан
Ақ дыбыс нұры шалқыған
Шырқалды көк ту астында
Әнұран болып алтын ән
Ей-ей,
Әнұран болып алтын ән
Ай, елім-ай
Атырау, Алтай арасы
Ерлікке толды даласы
Ер қазақтың баласы,
Еңсеңді тіктеп қарашы
Теңдігі бар Арқаның
Өрлігі бар Алтайдың
Еңкейгенге еңкейдің
Шалқайғанға шалқайдың
Киесі үшін білімнің
Қасиеті үшін тілімнің
Қас дұшпанға кектеніп
Ажалға қарсы жүгірдің
Ай, ажалға қарсы жүгірдің
Уау, қазағым
Аталы сөзге тоқтаған
Қайран да қайран сақ бабам
Алдаспан сүйіп серт етіп
Атаның салтын сақтаған
Жар болып жалғыз Жаратқан
Төгілді күй, ән шанақтан
Айға да жетті айбоз ұл
Арайлап әр ақ таң
Кейде түн көңілім, кейде күн
Мәртебем биік ей менің
Абыз тіліммен дәуірге
Домбыра болып сөйледім
Оу, Домбыра сөйледім.