Толқын Забирова
Текст

Қоштасудың қиыны-ай

Толқын Забирова

Оцените песню: Голос вверх 11 Голос вниз 1

92%
8%
Қайран күндер кешегі,
Сайран күндер кешегі,
Көрген түстей көңілден
Қалайша өшеді.
Бақытыма балаған,
Жырға лайық санаған,
Жан серігім жалғанда
Сен едің қалаған.
 
[Қайырмасы]
Қия алмадым, қимадым
Қинадың-ау, қинадың
Гүл орнына қайтейін,
Саған мен мұң сыйладым.
Қарай бердің қиыла-ай
Қоштасудың қиыны-ай
 
Саған ғана жан сырын
Айтушы едім бал-шырын.
Бір кешкен күндер-ай,
Мөп-мөлдір тамшы-мұң.
Шығар ма екен бәрі естен
Көк түн мынау жан ескен
Жылап жатыр жүрегім
Нәп-нәзік нәрестем
 
[Қайырмасы]
Ұя салған таңдайға,
Біз айтатын ән қайда
Амал бар ма тағдырға,
Жазылған маңдайға.
Ақ тілеулі арманға,
Сенен асқан жан бар ма
Жаралайды жанымды,
Көзден жас тамғанда -