Ай көрдім көлдің бетінен
Қараған бұлттың шетінен
Айда бұлт көлде дірілдеп
Жаным-ай мұңайма қарғам өтінем
[Қайырмасы]
Жайнаған гүлдей қарағым
Қайырлы болсын қадамын
Үмітін ақта әкенің жарқыным
Сенімін ақта ананның
Гүл көрдім ерте құлпырған
Тіршілік оған ұмтылған
Бағымның тілеп жанғанын жаным-ай
Аландап жүрем сыртыннан
[Қайырмасы]
Жайнаған гүлдей қарағым
Қайырлы болсын қадамын
Үмітін ақта әкенің жарқыным
Сенімін ақта ананның
Аққуы сенсін көлімнің
Ақкөлі сенсін жерімнің
Бақытты болсан болғаны
Жаным ай арманы сол ғой еліннің
[Қайырмасы]
Жайнаған гүлдей қарағым
Қайырлы болсын қадамын
Үмітін ақта әкенің жарқыным
Сенімін ақта ананның -