Тоқтар Серіков
Текст

Көршінің қызы (жаңа нұсқа)

Тоқтар Серіков

Оцените песню: Голос вверх 10 Голос вниз 2

83%
17%
Ғашықтар халқы ұлылық күтті
Орындалмасын кім білген
Қағаз гүлдердің ғұмыры тіпті
Ұзақтау екен шын гүлден
 
Қайырмасы:
Көршінің қызы керемет еді
Әкесі де оның жақсы адам
Ауылдан біздің неге кетеді
Ауа-райы ма жақпаған
 
Ол қызға берер антым да дайын
Сағына білдім әр тәулік
Алты құрлыққа атыңды айтайын
Алфавиттегі алты әріп
 
Қайырмасы:
Көршінің қызы керемет еді
Әкесі де оның жақсы адам
Ауылдан біздің неге кетеді
Ауа-райы ма жақпаған
 
Ештеңе етпес кідіріп кетсе
Уақытың ұзақ көршіңнен
Естелік үшін бір гүлін берсе
Ажалдың өзі кешірер
 
Қайырмасы:
Көршінің қызы керемет еді
Әкесі де оның жақсы адам
Ауылдан біздің неге кетеді
Ауа-райы ма жақпаған