Taspay
Текст

Oralma Qashqyn

Taspay

Оцените песню: Голос вверх 280 Голос вниз 14

95%
5%
Дүние мүлкіңді ала жөнелдің,
Жалған құрбыларыңның сөздеріне көп ердің
Ия, ол кезде болмады берерім
Сәйкесінше болмай қалды керегім
Өзімді сүттен ақ судан таза демеймін
Бірақ қанша өтінсең де келмеймін
Түңілістен кейін сезім жоқ өлмейтін
Маған жар керек сынып қалсам жөндейтін
 
Оралма қашқын
Артыңа қарамай қаштың
Тұншықтырды лас сөз тасқыны мына басыммен толтырдың тура жер астын
Кезінде
Оралма қашқын
Артыңа қарамай қаштың
Тұншықтырды лас сөз тасқыны мына басыммен толтырдың тура жер астын
Кезінде
Енді керсінше
Оралма қашқын
Оралма қашқын
Кезінде
Енді керсінше
Оралма қашқын
Оралма қашқын
 
Сөздеріме құлақ сал мұқият
Келмеске кеткесін пайда болу ұят
Сенімен байланысты әр арман қиял
Өшіп кетті уақыт өте есімді жия
Қош, бақытты бол сүрінбейтін тұяқ
Тағдыр ақ парақ істеріміз сия
Еске алсам аздап шаншиды төс кейде
Жазылғаны өшіргішпен өшпейді.