Жүректе салқын мұздаған, мұздаған
Жаралы жаным сыздаған, сыздаған
Өзгенің бағы болсаң да, болсаң да
Өзімше қатты қызғанам, қызғанам
Мұңлы боп тынды бағым ән, бағым ән
Бағына мінсіз бағынам, бағынам
Сан жылдар сырғып өтсе де, өтсе де
Себепсіз сені сағынам, сағынам
Атпайды тыныш сірә таң, сірә таң
Жанымды қалай жұбатам, жұбатам
Ұнатпа мені десең де, десең де
Бәрі бір сені ұнатам, ұнатам
Еліктей сұлу еркесің, еркесің
Басқадан сендік бөлек шын, бөлек шын
Бөтенге сені қиямын, қиямын
Ауадай маған керексің, керексің
Елесің көзді тұнжырап, тұнжырап
Алыстап барады тымжырық, тымжырық
Жауабын таппай неліктен, неліктен
Жанымды қинап бір сұрақ, бір сұрақ
Бұл сезім саған сын шығар, сын шығар
Жаныма менің мұң сыңар, мұң сыңар
Бұлттанып аспан тұрса да, тұрса да
Соңында бірақ күн шығар, күн шығар