Көзімнің қарасы
Көңілімнің санасы.
Бітпейді іштегі
Ғашықтық жарасы.
Қазақтың данасы
Жасы үлкен ағасы
'Бар' демес сендей бір
Адамның баласы.
Жылайын, жырлайын
Ағызып көз майын
Айтуға келегнде
Қалқама сөз дайын.