Smitty, Хаттаб
Текст

Өскемен

Smitty, Хаттаб

Оцените песню: Голос вверх 4 Голос вниз

100%
0%
Сүйемін сені, мекенім менің,
Қиялға толы, жерлерің сенің.
Сүйемін сені, алтын бесігім,
Ешқашан сенің, тапталмасын есімің.
 
 
Туған жерім Өскеменім, мәңгілік менің мекенім,
Қанша рет алысқа кетсемде қайтып өзіңе келдім.
Дегенмен туған жерім қайтадан өзіне тартады,
Мен мұнда жасыл табиғаттың жұмағына батамын.
Ұмытамын қиындықты тағдырға жазып берген,
Бүгінгі менің мақсатым туған қалам Өскемен.
Еш нәрсеге мән бермеймін бүгін мен демаламын,
Бүгінгі күнімді досым Өскеменге арнадым.
Қала іші толған жас, бірліктері жарасқан,
Қала шеті қалың жас, мекеніне асыққан.
Хэй жастар бұл Smitty және Xattab,
Хэй жастар бұл әуен сендерге арналад.
Осы күнге дейін Өскемен мен саған таңғаламын,
Сенің құшағыңа мыңнан астам ұлттар сия алады.
Мені жерлестер қолдайды Күршім, Зайсанның бәрі,
Катон-Қарағай, Тарбағатай тіпті Семей жерлері.
 
 
1720 басталды қаланып бұл қала,
Ұлылар жырлаған, ұлан-ғайыр кең дала.
Орналасқан оқ жетпейтін шыңдарда,
Өскеменім жалықпаспын өзің жайлы жырлауға.
Жасыл қала Өскемен, менің жаным сенімен,
Сенімен аттанамын болашаққа сеніммен.
Менмін. Сенің дәнің бұл Әлемге егілген,
Біздей ұлдарың барда көрінерсің көк аспанның төрінен.
Өскеменім қайда жүрсем сағынамын,
Сендей әсем қаланы, қайдан іздеп таба аламын?
Табанымды қыздырар әр бөлшегің, топырағың,
Сағынамын самал желмен, күн шуағын (самал желін, күн шуағын).
Туған қала туа берсін, дарындарың туа берсін,
Біз секілді сұрғұлт көше ақындары ризалығын айтып,
Шаршамастан жыр жазатын, болашағыңды ойлап,
Түн ұйықтамай толғанатын, иә...

Другие песни от Smitty, Хаттаб