Smitty, Хаттаб feat. Сектор, Азеке
Текст

Көтер жалауды

Smitty, Хаттаб feat. Сектор, Азеке

Оцените песню: Голос вверх Голос вниз

Кешегі қазақ жастары еркіндікті армандаған,
Ал бүгін біз тәуелсізбіз, бірақ әлі адасқанбыз.
Тәуелсіз бола тұра тәуелдіміз басқаларға,
Сенбей қазақ ұлыларына, сенеміз теледидарға.
Батысқа еліктейміз, армандаймыз сол өмірді,
Басқа тілді меңгереміз, білмей туған ана тілді.
Білмейміз дәстүрді, білмейміз қазақтың тарихын,
Айтшы досым енді біз қалайша алға дамимыз?
Есірткі, секталар, жеңіл жүрісті қыздар,
Бізге бермей мүмкіндік, қазақты толық құртар.
Бір Алла одан сақтасын беріп бізге күш-қуатты,
Мен сенемін қазағым әлі тізеден аяққа тұрады.
Әлі де тұлпарым шауып, қыраным қалғып ұшады,
Біз секілді қазақ жастары болашаққа жасаса алғашқы қадам.
Мен сенемін эй, адам!
Біз бірінші боламыз Xattab, қазақ, Орта жүз!
 
Бәріміз қосылып бірге,
Жетейік ертеңгі күнге.
Қазағым ояншы, басты көтер,
Ар-намысты түсірме, қара жерге.
 
Бала кезімде жаңалықтардан көретінмін,
Қалай шет елде жастар өз-өзін өлтіретінін.
Ал бүгінгі таңда суицит біздің елде де жетеді,
Қазақтың жастары қиналғанда өздерін өлтіреді.
Бұл недеген сұмдық, ойланыңдар жастарым!
Ойланбайсыңдар ма қандай күйде болад аналарың?
Қарындастарың мен інілеріңе бұл қандай үлгі?
Намыстарың болып, беттеріңнен кетпесін күлкі.
Қазақғыма жарасады биік шыңдарда жүрген,
Бұл сөзге келіспейтіндер де бар, мен білем.
Сонда да, мойындашы атақты адамдарды,
Қазақстаннан шығып жатқан қазақтың батырларын.
Бірлігіміз жарасқан, тату-тәтті ел болайық,
Қиналып жүрген бауырларға, дем беріп қолдайық.
Түсірмеңдер бастарыңды төмен қарай қара жерге,
Кір келтірмеңдер туған әсем қазақ еліне.
 
Өз-өзінен тасқын болып жастарым жерге ағады,
Қайран кеткен ата-бабам, ағайындар бар жағалы.
Осы күнге жетеміз деп, жете алмаған армандап,
Сол күнге де жеттік міне, ісіміз бірақ шамалы.
Жігітке жету ер тән, бірақ қыз текелік емес,
Қыздың сәні жүрегінде, бірақ бөксесінде емес.
Жұмақ кілті алыстаса, тозақ оты жақындады,
Қайда сол сабырлық, қайда кетті ақылдарың?
Ар-ұятың жерде жатыр, арманың болса көкте,
Ар-ұятыңды көтер, шығарсың сонда көкке.
Өз тіліңді ұмытып, өзге тілге ұмтыласың,
Осылай кетіп қалмайық аттанып қара жерге.
Есің барда еліңді тап, бір айтарым менің сол,
Ұмытпа шыққан жеріңді артқа қара ұзақ жол!
Бір-біріңді жейсің кеп, таласқан жетімдей нанға,
Атаңның баласы болма, адамның баласы бол!

Другие песни от Smitty, Хаттаб feat. Сектор, Азеке