Аңсарым бар сұлу тілегім
Ажарың айдай толды əсем
Жабайы еді жүрегім
Үйретіп алдың қолға сен.
Тұтанып қайта сөнген от
Кеудемде жатыр əн ағып
Көркіңе құла белде жоқ
Көздерімнің асты жаңылып.
Өрнегімді салып өтер күн
Күтумен атты таң жай
Құтыға сыйып кетермін
Ішінде сені бар десе.
Сезіммен алқа тағындым
Өзіңмен дара тобырда
Моншақ қыз сені сағындым
Мойнымды бұрып болғанша.
Сырыңды қашан жасырып
Таймашы берген сертіңнен
Алдыңнан тұттай шашылып
Айырылып қалдым еркімнен
Таппадым жанға дауаны
Дəл мендей сен күттің бе
Өзіңсіз мынау ауаны
Жұтпадым күнім жұттым не.