Шолпан Өтемісова
Текст

Айдай ару

Шолпан Өтемісова

Оцените песню: Голос вверх 7 Голос вниз

100%
0%
Ұзатылып жат жұртқа барасың ба
Мұғайып тұр әкең де анашың да
Барған жерің бағыңды ашсын еркем
Қадірлей біл қартын да баласын да
 
Айдай ару
Баратын әулеттің бағы бол
Айдай ару
Атаңменен енеңнің ары бол
Айдай ару
Қосағыңның мәңгілік жары бол
 
Бағың жансын бастан құт арылмасын
Қалай жаның өз елін сағынбасын
Құдаларға аяулым аманатсың
Қыздарындай қарсы алып қабылдасын
 
Айдай ару
Баратын әулеттің бағы бол
Айдай ару
Атаңменен енеңнің ары бол
Айдай ару
Қосағыңның мәңгілік жары бол
 
Қоштасарда иіскет маңдайыңнан
Ақ батаны төгейін таңдайымнан
Бір әулеттің ары мен ұятысың
Тек білігің көрінсін тал-бойыңнан
 
Айдай ару
Баратын әулеттің бағы бол
Айналайын
Атаңменен енеңнің ары бол
Құлыншағым
Қосағыңның мәңгілік жары бол
 
Айдай ару
Қосағыңның мәңгілік жары бол
 
Айдай ару
Баратын әулеттің бағы бол
Айдай ару
Атаңменен енеңнің ары бол
Айдай ару
Қосағыңның мәңгілік
Қосағыңның мәңгілік жары бол

Другие песни от Шолпан Өтемісова