Болғың келсе өмірде бір сыйлы ағаң
Көрінгенге көз салып қылтыңдама
Құдай қосқан өмірде жан жарыңды сыйла
Алдап бөтен қыздарға гүл сыйлама
Бір көргеннен қызықсын пір тұлғаңа
Ішің түтін болмасын сыртың жаңа
Қызға келін болу шарт қылпылдама
Ата енеңнің алдында жыртыңдама
Күйеуіңді сыйла жұмақ болар орның
Сенен туар батыр би жыршы дана
Қайын жұртқа сіңімді бол сыйлы ана
Төркініңе сөз тасып сыпсыңдама
Қылқылдама қу бала қылқылдама
Сыпсыңдама келін сыпсыңдама
Лыпылдама құдағи лыпылдама
Қылтыңдама кемпір шал қылтыңдама кемпір шал
Оралыңда ойнада күл қыз боз бала
Есігінен əр үйдің тың тыңдама
Қаптың аузын ашып ап құрт ұрлама
Өкпелеме айнаға бетің қисық болса
Шүкірлік қыл барыңа үнсіз ғана
Өсек тасып сөз қуып сусылдама
Лыпылдама келіншек лыпылдама
Қысқа киіп жас қыздар тыртыңдама
Келімсекке келін боп ұл сыйлама
Келін менен дініңді намысыңды сақта
Ішімдікке əуес боп сусыңдама
Əуеніне шетелдің былқылдама
Қылқылдама жас қыздар қылқылдама