Шерхан Дархан
Текст

Жолықпай жүр

Шерхан Дархан

Оцените песню: Голос вверх Голос вниз

 
Белгісіз арнап жүрмін əнді кімге?
Мен ғана сынғаным жоқ əлі күнге
Бір сұлу мен аңсаған табылмай жүр
Сүретін бұл өмірді мəңгі бірге
 
Қайырмасы:
Жалғызбын жолықпай жүр жоқ амалым
Анам жүр татып күнде жорамалын
Жолықсаң қиялдағы сыңар ару
Дайын тұр аппақ үйде орамалың
 
Сұлуға сүйген жетпей қолым оңай
Ақ арман солай əттең орындалмай
Бақытты барша адам сүйгеніме
Табамын бұл бақыттың жолын қалай
 
Қайырмасы:
Жалғызбын жолықпай жүр жоқ амалым
Анам жүр татып күнде жорамалын
Жолықсаң қиялдағы сыңар ару
Дайын тұр аппақ үйде орамалың

Другие песни от Шерхан Дархан