Шерхан Әлібеков
Текст

Бізге не болды?!

Шерхан Әлібеков

Оцените песню: Голос вверх 3 Голос вниз

100%
0%
Адамның назасы ма екен,
Алланың жазасы ма екен?!
Жесірдің көз жасы ма екен,
Жетімнің наласы ма екен?!
 
Арамның амалы ма екен,
Зинаның залалы ма екен.
Қасірет көбейіп кетті,
Ақырет хабары ма екен?!
 
Суқойма- бекеттен бе екен,
Садақа- зекеттен бе екен?
Көшеде тәнін бұлдаған,
Жезөкше - "көкектен" бе екен?!.
 
Мастанған ағадан ба екен,
Тастанды баладан ба екен?
Парқына жете алмай тұрмын,
Пайыз бен парадан ба екен?!
 
Қараусыз қарттардан ба екен,
 
Амалсыз жатқаннан ба екен?!
Күнәңді ашқаннан ба екен,
Құранды жапқаннан ба екен?!
 
Сел неге аға береді,
Кім қалай баға береді?
Қолыңмен жасаған күнәң,
Аяқтан шала береді!
 
Әркімді әулие қылмасақ,
Әруақты әуре қылмасақ!
Жамандық басылмас, сірә,
Жалынып Аллаға ғана,
Жабылып тәубе қылмасақ!

Другие песни от Шерхан Әлібеков