Сау бол кездеспейміз
Амалым қанша
Тағдырдың тәлкегіңе
Ренжідім сонша
Білмегенді кешірмей
Білгенің қайда
Тапсырдым амалсыздан
Жаратқанға
Жарығым сен дүниемнің мәні,
Жалғызым ең өмірімнің сәні
Қош бол енді қош бол енді мәңгі
Маңдайыма тағдырымның жазғаны
Күтіп тұр алдымызда
Бақытты күндер
Жанып өшкен жұлдыздай
Бұл жалған өтер
Өкінбе жаным сенде,тағдырыңа
Сау бол кездеспейміз
Амалым қанша.
Жарығым сен дүниемнің мәні,
Жалғызым ең өмірімнің сәні
Қош бол енді қош бол енді мәңгі
Маңдайыма тағдырымның жазғаны