Серікбол Сайлаубек
Текст

Ауырма досым

Серікбол Сайлаубек

Оцените песню: Голос вверх 2 Голос вниз

100%
0%
Дүниеге рухы уланған
Жылтырға жаны бұлғанған
Құнсыздар кетті көбейіп
Қадірі үшін құл болған
 
Шыңдыққа ғана сыналған
Намыстан жаны тырналған
Құндылар кетті азайып
Қадірді сыйлап құл болған
 
қайырмасы:
Ауырма досым ауырма
Керексің біздей бауырға
Жартылай мынау жалғанда
Жалғыз сен қалдың жанымда
 
Мен десе жаны қалмайтын
Той емес тойды тойлайтын
Сауысқан достар қаптады
Пайдасыз жерге қонбайтын
Ел десе көкке самғайтын
Қанатын қақса талмайтын
Қырандай достар азайып
Пайдалы жерге бармайтын
 
қайырмасы:
Ауырма досым ауырма
Керексің біздей бауырға
Жартылай мынау жалғанда
Жалғыз сен қалдың жанымда