Серік Ибрагимов
Текст

Отаным — Қазақстаным

Серік Ибрагимов

Оцените песню: Голос вверх 21 Голос вниз 6

78%
22%
Қазақ даласы кең жазира саласы
Тұнық ауасы жан жүректің дауасы
Асқар тауларым жасыл орман баулары
Сұлу тандары туған елім аумағы
 
[Қайырмасы]
Отан-ана бақыт өлкесі
Ата-бабам тапқан жер төсі
Отан-ана биік еңселі
Отан-анам сүйемін мен сені
 
Өзен сулары
Алаулаған гүл бағы
Қырат қырлары
Берекенің құндағы
Атамекенге басқа мекен жетер ме?
Ешбір шетелге қиып сені кетем бе?
 
[Қайырмасы]
Отан-ана бақыт өлкесі
Ата-бабам тапқан жер төсі
Отан-ана биік еңселі
Отан-анам сүйемін мен сені
 
Отан анам өзіне
Өтермін мен айналып
Саған ыстық сезіммен
Кіндігіммен қалғанмын байланып
 
[Қайырмасы]
Отан-ана бақыт өлкесі
Ата-бабам тапқан жер төсі
Отан-ана биік еңселі
Отан-анам сүйемін мен сені
Отан-анам сүйемін мен сені