Алтай мен Атыраудың арасында,
Есіл мен Жайық, Каспий жағасында.
Ән салып бар қазақтың даласында,
Өссін мерейің енді!
Қазағым таусылмайтын жыр емес пе?
Әр елдің салты басқа, тілі ерекше.
Байқадым ән салып жүріп бүгін ерекше,
Шырқап берейін енді!
Ордалы Оңтүстік бәрі бар Ояқта,
Беймарал жүремін болсамда қаяқта.
Бұяқта бәріміз әпшем мен көкем ғой,
Өлә деп қалжыңдап.
Ән салып кетемін ғой!
Жетісу шалқып шалқып жетсе дейді,
Оңтүстік қонақ болып өтсе дейді.
Шоқ-шоғынан қыстырып кетсе дейді,
Жаса ордалы елім!
Батысқа не хабар деп келемін ғой,
Ай, сау, бош дейтін жұртты көремін ғой.
Өнерің үстей берсін, дегенім ғой,
Жаса батысым менің!
Батысым не зат деп қарайсың бәріне,
Құлақ салып тыңдашиш.
Сау болшы деп әніме,
Өзіңде, сөзіңде айналған сәніме.
Ризамын ағайын, тумалас бәріңе!
Жә, кеттік алда Алтай, Шығысым бар,
Тарылмас немене тегі тынысым бар.
Шығыста шалқып шатқан ырысым бар,
Жаса Шығысым менің!
Аязы тоңдырар деп құлағымды,
Ақырын тартып кидім тұмағымды.
Арнадым тағы өзіңе жыр әнімді,
Жаса Арысым менің!
Күлімдеп, күн шыққан Шығысым емес пе?
Шоян болып тасыған ырысым емес пе?
Ән, суы болса да, құлағым тоңса да,
Солтүстік ыстық қой қазағым баршаңа!
Батыс болса да, Шығыс болса да,
Әзілім жарасып, бір ойнап күлейік.
Оңтүстік деген, Солтүстік деген,
Бір атаның баласындай бірге жүрейік!
Қалжыңды сүйетін қазағым дарасың,
Әзілмен әндетіп табайық жарасым.
Мәңгілік мекенім, тілі бай әуезді,
Айналып өтемін қазақтың даласын! -