Серік Ибрагимов
Текст

Бай бол

Серік Ибрагимов

Оцените песню: Голос вверх 2 Голос вниз

100%
0%
Теп тегіс жерлерде тайғанап жүрсең
Бай бола алмайсың ай қарап жүрсең
Есіңді бір жиып ойлана білсең
Сонда бай боласың
 
Жақсылар жиналып маңайыңа да
Дүние толады сарайыңа да
Тілерін туысқан ағайынға да
Әрқашан сен бай бол
Байлыққа тек сай бол
 
[Қайырмасы:]
Арманыңа бай бол
Талғамыңа бай бол
Қорғаныңа бай бол, Қазағым менің
Ұрпағыңа бай бол
Ұраныңа бай бол
Қыраныңа бай бол, Қазағым менің
 
Бұл байлық кеп тұрсын керегеңе еніп
Қартаймай жүре бер немере көріп
Байлығың қасыңа шөберең еріп
Солармен сен бай бол
 
Иманға бай болған ата тегің де
Егіске бай болған қара жерің де
Тамаша тәуелсіз туған еліңде
Әрқашан сен бай бол
Байлыққа тек сай бол
 
[Қайырмасы:]
Арманыңа бай бол
Талғамыңа бай бол
Қорғаныңа бай бол, Қазағым менің
Ұрпағыңа бай бол
Ұраныңа бай бол
Қыраныңа бай бол, Қазағым менің -