Серік Ибрагимов
Текст

Айналайын

Серік Ибрагимов

Оцените песню: Голос вверх Голос вниз

Өзің едің тірегім де 
Жыр боп тұндың жүрегімде 
Мені сендей түсінетін 
Кім бар екен бұл өмірде 
 
Қайырмасы: 
Жарқын құшақ жайған айым 
Ниетіңе сай болайын 
Мені сүйген жүрегіңнің 
Лүпілінен айналайын 2 
 
Әнің әнге жалғассын деп 
Келеді арман алға сүйреп 
Менің кемем өрге жүзсе 
Сен қуандың алғашқы рет 
Қайырмасы. 
 
Саған мәңгі борыштармын 
Көңіліме қоныстандың 
Азаматтың ажарына 
Мақтау айтсам намыстандың