Серік Ибрагимов
Текст

Әкешім-анашым

Серік Ибрагимов

Оцените песню: Голос вверх 46 Голос вниз 1

98%
2%
Перзенті үшін тау тұрғызар қолынан
Солынан күн-ай туғызар оңынан
Ағайынның ардақтысы жан әкем
Жаңылмайтын жығылмайтын жолынан
 
Ересең еңбек етесің
Балаңның кешкен қатесін
Әкешім әкешім әкешім
Ересең еңбек етесің
Балаңның кешкен қатесін
Әкешім әкешім әкешім
 
Перзенті үшін дариядай ағылған
Бір бойынан бар мейірім табылған
Отбасының берекесі жан анам
Алыс жүрсек тілек арнап сағынңан
 
Балаңнан бақыт табасың
Уайымдап кейде қаласың
Анашым анашым анашым
Балаңнан бақыт табасың
Уайымдап кейде қаласың
Анашым анашым анашым
 
Перзенті үшін қорған болып қаланған
Перзенті үшін орман болып таралған
Айналайын қайырымды әкемнен
Айналайын мейірімді анамнан
 
Дәуірге бірге үн қоса
Ұрпағыңмен мың жаса
Әкешім әкешім әкешім
Дәуірге бірге үн қоса
Ұрпағыңмен мың жаса
Анашым анашым анашым
 
Әкешім анашым
Әкешім анашым