Гүл еккен едім көктемде
Нөсерін жауын төккенде
Мезгілді күнің жеткенде
Жайқалып өсті деп демде
Мен кеттім аралап арман
Бұл гүлді бағалар бір жан
Исіңді тек мен иіскеуші едім
Қызғанам бал аралардан
Бағалап нəзік сезімді
Болғайсың гүлім төзімді
Су сеуіп əнмен кетейін
Сағындым сол бір кезімді
Мен кеттім аралап арман
Бұл гүлді бағалар бір жан
Исіңді тек мен иіскеуші едім
Қызғанам бал аралардан