Ақ жолағы өмірдің қара жолағы
Тоғысады тағдырдың сансыз торағы
Жел маядай еседі уақыт тоқтамай
Қайран өмір зымырап өтіп барады
Жел маядай еседі уақыт тоқтамай
Қайран өмір зымырап өтіп барады
Шахшаданда бір атым көңіл қалады
Өткеніңнен өкініш әнін салады
Ілестіріп соңынан жалған дүние
Қолын былғап алыстан кетіп барады
Ілестіріп соңынан жалған дүние
Қолын былғап алыстан кетіп барады
Қатал өмір ұстазың өмір сабағы
Бірде сипап басыңнан бірде қабады
Бір жетектеп қолыңнан бірде шалады-ай
Қайран өмір зымырап өтіп барады
Бір жетектеп қолыңнан бірде шалады-ай
Қайран өмір зымырап өтіп барады
Байқалмайды біреуге өмір шолағы
Қос жанардың көңілі-ай қашан толады
Қызыл жасыл дәуреннің сағаты тоқтап
Бар ғұмырың елес боп артта қалады
Қызыл жасыл дәуреннің сағаты тоқтап
Бар ғұмырың елес боп артта қалады