Көріп едім бір қызды алтынайдай нұр жүзді ғайып болды
Өкінемін өзімде таныспауым кезінде айып болды
Жасықпын-ау жасықпын, дей алмадым ғашықпын сол аруға
Бірден батып бой бұра жарамадым мойыныңа оралуға
Сол бір қыз ақ арманым
Көргенше алаңдадым
Күні-түні іздесемде
Мен оны таба алмадым
Сол бір қыз арман құсым
Аяулы мәр-мәр мүсін
Қайда жүр қайда сол, арман қызым
Аңсауменен мен келемін енді қашан көремін арман қызды
Көңілдерді қоса ма бақыт болып тоса ма алдан бізді
Жүрмін әбден сағына сол қызбенен тағы да кезігем бе
Сол сұлуды тапқанша мол қызыққа батқанша көз ілем бе
Сол бір қыз ақ арманым
Көргенше алаңдадым
Күні-түні іздесемде
Мен оны таба алмадым
Сол бір қыз арман құсым
Аяулы мәр-мәр мүсін
Қайда жүр қайда сол, арман қызым
Сол бір қыз ақ арманым
Көргенше алаңдадым
Күні-түні іздесемде
Мен оны таба алмадым
Сол бір қыз арман құсым
Аяулы мәр-мәр мүсін
Қайда жүр қайда сол, арман қызым